
Жерлесіміз Қ.Көпбаевтың демеушілігімен 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан “Kairat Cup League” жасөспірімдер лигасы өз мәресіне жетті!
2026 жылғы 1 маусым – 16 шілде аралығында өткен лиганың финалдық кездесуі 16 шілде күні өтіп, жеңімпаздар анықталды.
Бір жарым айға созылған тартысты додаға 5 команда қатысып, 3–8 сынып оқушылары бақ сынады. Жалпы 15 кездесу өткізіліп, жас футболшылар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен спорттық шеберліктерін дәлелдеді.
Жүлделі орындар:
🥇 І орын – «Таир и Ко»
🥈 ІІ орын – «Барыс»
🥉 ІІІ орын – «Қыран»
🌟 Арнайы номинациялар:
⚽ Үздік шабуылшы – Дүйсенбі Әлижан
🧤 Үздік қақпашы – Балғабеков Темірхан
⭐ Үздік ойыншы – Мерей Тайшыбек
Үздік қорғаушы – Сайлау Әлинұр
👨🏫 Үздік бапкер – Балғабеков Ерік
Лиганың демеушісі – Тажентаев Ермек
📋 Бас төреші – Тыхметов Азамат
Номинациялар:
🔥 «Қайсар мінез» – Дәркен Айқын
🎯 «Үздік гол» – Еспаев Тимур
Осындай игі бастаманы қолға алып, ауыл жастарының спортпен шұғылдануына қолдау көрсетіп жүрген Көпбаев Қайрат ағамызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
👏 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда да толағай табыс, жарқын жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1261773?lang=ru

Жауап қалдыру