№46 мекемесінде корпус жиһаздарын өндіретін жаңа өндіріс ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №46 мекемесінде “Еңбек-Павлодар” РМК-мен бірлесіп, өндірістік аймақта корпус жиһаздарын өндіретін жаңа жеке кәсіпорынның ашылу рәсімі өтті. Жаңа өндірістің іске қосылуы сотталғандарды қосымша жұмыспен қамтуға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбекпен қамту деңгейін арттыруға бағытталған. Сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне және қайта қылмыс жасаудың алдын алуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта мекеме аумағында жаңа модульдік ангардың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс аяқталғаннан кейін онда кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын аша алады. Бұл мекеменің өндірістік әлеуетін кеңейтіп, инвестиция тартуға және сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duispavlodar/press/news/details/1261951?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді