🔹 ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Б. Заузанбай «Қаламқас» кен орнында орналасқан «Маңғыстауэнергомұнай» мекемесінің қызметкерлерімен еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, олардың қолданылу тәртібі, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына қолданыстағы еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар беріліп, еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1262611?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді