
2026 жылғы 22 шілдеде Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және Тәртіп» қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында жеке нотариустармен, адвокаттармен, жеке сот орындаушыларымен және кәсіби медиатормен бірлесіп Ұлытау ауданы, Жезді кентінде «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңашылдықтары түсіндірілді.
Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинетін пайдалану, оның функционалдық мүмкіндіктері және атқарушылық іс жүргізу саласындағы электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға электрондық сервистерді пайдалану жөнінде практикалық ұсынымдар беріліп, олардың артықшылықтары түсіндірілді.
Іс-шара соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, барлық өтініш білдірушілерге құқықтық мәселелер бойынша білікті кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1262771?lang=ru

Жауап қалдыру