
🔹 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер әр екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде тексеріледі. Тексеруден өтпеген жағдайда көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады.
🔹 Заңда көзделген жағдайларда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Екі ай ішінде емтихан тапсырмаған жағдайда жүргізуші куәлігінің күші тоқтатылады.
🔹 Мас күйінде көлік басқаруға қатысты жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуға байланысты тоқтатылғанның өзінде, жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылады.
Бұл өзгерістер жол қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтап, міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуді сұраймыз. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға байланысты!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1262692?lang=ru

Жауап қалдыру