
Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтіп, ауданның қаржылық жоспарлауына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Қ.Сыздықов жүргізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Р.Мұздыбеков, аудандық әкімдік мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне аудан мен ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты екі мәселе шығарылды.
Аталған мәселелер бойынша Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің себептері мен қаржы қаражатының бағыттарын жан-жақты таныстырды.
Депутаттар ұсынылған өзгерістерді талқылап, пікір алмасып тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/1262479?lang=kk

Жауап қалдыру