.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар қалалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарады.

Салық түсімдерінің қысқаруына байланысты жекелеген бағыттар бойынша шығыстарды оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, іске асырылып жатқан жобалардың, оның ішінде Халық қатысатын бюджет аясындағы жобалардың барлығы жалғасып, толық аяқталатын болады.

Түсімдердің азаюына бірқатар факторлар әсер етті:

– салық салу режимдерінің өзгеруі;

– бірқатар салықтар бойынша аванстық төлемдердің алып тасталуы және т.б.

Атап айтқанда, түсімдердің қысқаруы келесі салықтар бойынша енгізілген өзгерістерге байланысты:

корпоративтік табыс салығы (КТС): ірі бизнестің 26 салық төлеушісі қалалық бюджетке төлеуден республикалық бюджетке төлеуге ауыстырылды (ауыстыру критерийлері – қызметкерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан асуы және/немесе орташа жылдық кірісі 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) жоғары болуы); бұдан бөлек, КТС бойынша ай сайынғы аванстық төлемдерді төлеу міндеті туындайтын кіріс шегі 325 000 АЕК-тен 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

– жеке табыс салығы (ЖТС): салық салынбайтын шегерім мөлшері 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

жергілікті салықтар (жер және көлік салығы): заңды тұлғалар үшін аванстық төлемдердің алып тасталуына байланысты түсімдердің төмендеуі байқалды.

Аталған өзгерістер қалалық бюджеттің кіріс бөлігін қайта қарауға негіз болды және бюджет шығыстарын қайта бөлуді талап етеді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1262575?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді