Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды орындау тәртібі бойынша дөңгелек үстел өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаларды орындау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің салықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын түсіндіру, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын хабарламаларды орындау мәселелері бойынша салық төлеушілерге консультациялық қолдау көрсету болды.

 Кездесу барысында Департамент мамандары камералдық бақылауды жүргізу тәртібі, анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалардың қалыптастырылу негіздері, оларды орындау мерзімдері мен тәсілдері, сондай-ақ мұндай хабарламаларды алған кезде салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме берді.

Сонымен қатар, хабарламаларды іс жүзінде орындау тетіктеріне, заңнамада көзделген жағдайларда түсіндірмелер ұсыну және салықтық есептілікке тиісті түзетулер енгізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ салық төлеушілер жиі жіберетін қателіктер талқыланып, оларды дер кезінде түзету арқылы салықтық тәуекелдердің алдын алу жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.

 Ашық диалог форматында өткен іс-шара барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салық заңнамасын қолдану және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды орындау мәселелері бойынша жан-жақты жауаптар алды. Департамент мамандары әрбір сұраққа нақты түсіндірме беріп, заң талаптарын сақтау бойынша практикалық кеңестерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1262252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді