Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 22 шілде күні Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1) «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар»;
2) «Мектептердегі балалар арасындағы құқық бұзушылық пен “Буллинг” мәселесінің алдын алу шараларының өзекті мәселелері»;
3) «Құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және ерте анықтау шаралары мен лудоманиядан зардап шеккендерге арналған реабилитациялық қызметтер»;
4) «Мәдениет және өнер саласында қызмет ететін ҮЕҰ атқарған жұмыстары мен жобалары, олардың тиімділігі және нәтижелері туралы».
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, мемлекеттік орган басшылары мен орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.
Мәселелер бойынша мемлекеттік органнан жауаптар беріліп, қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/1262537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді