
Ағымдағы жылдың 13 -шілдесінде “Атамекен” КП Хромтау қаласындағы филиалында жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерге Еңбек кодексінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында жиын өткізілді. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің, еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы-А. Қасенова, талдау бөлімінің бас маманы-Л.Есалиева, “Атамекен” КП Хромтау қаласындағы филиалының директоры У.Жаналин және Хромтау аудандық мансап орталығының директоры А.Серикбаева қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
1. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтер енгізу тәртібі
2. ЕСУТЖ жүйесінде еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының болмауына байланысты анықталған сәйкессіздіктер
3. Ұжымдық шарт жасау тәртібі, қолданыстағы ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу
4. Квота талаптарының орындалуы
5. Қазақстан Республикасындағы балалар еңбегі
6. Еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер
Қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар берілді.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1262361?lang=ru

Жауап қалдыру