Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары өңір дамуының негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың XXXI сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесін қарады.

Бюджетті нақтылау жөніндегі баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шүгірмақова бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты 1,6 млрд теңге көлеміндегі қаражат басым бағыттарға қайта бөлінгенін атап өтті. Нақтылау аясында қаражат медицина қызметкерлеріне көтермеақы төлеуге, денсаулық сақтау саласына цифрлық шешімдерді енгізуге, мәдениет ұйымдарын қолдауға, гидротехникалық құрылыстарды зерттеуге және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсетуге бағытталды.

Сонымен қатар, қаржыландыру Қосшы қаласындағы құрылыс нысандарын аяқтауға және Көкшетау қаласындағы сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша үш жобаны іске асыруға бағытталды.

Сессия барысында депутаттар «кілтпен» салынатын құрылыс нысандарының тізбесін, Ақмола облысында жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекітті, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілетін өзгерістер мен жер қатынастарына қатысты мәселелерді қарады.

Жеке шешіммен «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізіліп, өзге де ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қабылданған шешімдер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1262810?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді