
Ақтау қаласында жолдарды күтіп ұстау жөніндегі бекітілген шартқа сәйкес санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Таңғы уақыттан бастап арнайы техникалар қала аумағында жол жиектастарын сыпырып, автомобиль жолдарын жуу жұмыстарын атқарды.
Санитарлық тазалық шаралары бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1262796?lang=ru

Жауап қалдыру