
Бүгінде Ескелді ауданында 24,8 мың гектар дәнді және масақты дақыл егілген. Қазіргі таңда 9,8 мың гектар астық алқабының 3,8 мың гектарындағы бидай орылып, 7,2 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділік гектарына 18,8 центнерді құрап отыр. Сонымен қатар, 15,0 мың гектар арпа алқабының 1,1 мың гектары орылып, 2,0 мың тонна өнім жиналды. Арпаның орташа өнімділігі гектарына 18,5 центнерді құрады. Егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жалғасуда. 2026–2027 жылғы мал қыстату науқанына дайындық аясында мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге жоспарланған 122,4 мың тонна шөптің 93,9 мың тоннасы дайындалып, жоспардың 76,7 пайызы орындалды. Сондай-ақ 14,7 мың тонна пішендеме толық дайындалып (100%), 35 мың тонна сабанның 9,5 мың тоннасы (27,1%) және жоспарланған 29,4 мың тонна мал азықтық жемнің 1,7 мың тоннасы (5,8%) әзірленді. Аудан бойынша егін жинау және қысқы мал азығын дайындау жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес өз қарқынымен жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1261858?lang=ru

Жауап қалдыру