«АУЫЛ АМАНАТЫ»: КЕЛЕСТЕ ЖҮЗДЕГЕН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалу барысы сараланды.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өмірсерік Алтынбаевтың мәліметінше, 2023-2025 жылдары бағдарлама аясында жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 339 жоба қаржыландырылып, 750 жаңа жұмыс орны ашылған.
Бағдарлама арқылы мал және өсімдік шаруашылығы, жылыжай кешендері, өндірістік кооперативтер мен шағын кәсіпкерлік жобалары қолдау тауып келеді. Бүгінде ауданда жүзім шаруашылығы, шұлық өндірісі, сүт өнімдерін өңдеу және жылыжай бағытындағы жобалар табысты жүзеге асырылуда.
2026 жылы бағдарлама аясында 154 жобаны қаржыландырып, 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Жиында кейбір ауылдық округтерде бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстары баяу жүргізіліп отырғаны айтылды. Осыған байланысты аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жауапты тұлғаларға бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, барлық көрсеткіштердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262337?lang=ru