
«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ, Абай облысы Аягоз ауданы прокуратурасы және Абай облысының полиция департаменті Аягөз ауданының полиция бөлімімен бірлесіп Аягөз ауданындағы жеке кәсіпкерлер арасында еңбек заңнамасының сақталуы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірімдердің құқықтарына негізделген профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық түсіндірме барысында еңбек заңнамасының 2 бұзушылығы анықталды, оның ішінде 1 бұзушылық кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірім бойынша.
Аталған бұзушылық негізінде жеке кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86 бабының 1 және 3 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1261942?lang=ru

Жауап қалдыру