Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Родник» балаларды сауықтыру лагерінде үшінші сезонда демалып жатқан 105 баланың (барлығы Айыртау ауданынан, соның ішінде балалар үйінен) Есіл ауданы прокуратурасының қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында аудан прокуроры уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жағдайымен танысып, заң талаптарын сақтау тақырыбында өткен КТА ойынына қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысты.

Сахна төрінде ең белсенді, шығармашыл әрі тапқыр балалар бас қосты. Қатысушылар өз өнерлерін, әзіл-қалжыңға бейімділігін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Жарқын қойылымдар мен қызықты әзілдер арқылы балалар өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңды құрметтеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәре еске алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша балаларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

                                    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1262630?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді