
Балалардың демалысы қауіпсіз жолдан басталады
Жол қозғалысына қатысушылардың өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға және адам өмірін сақтап қалуға бағытталған «Қауіпсіз жол» арнайы жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері балаларды демалыс орындарына ұйымдасқан түрде тасымалдауды сүйемелдеуді қамтамасыз етуде.
Әрбір сапардың алдында полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, қажетті құжаттардың түгелдігін және жүргізушілердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Бүкіл маршрут бойында көлік колоннасын патрульдік полиция экипаждары сүйемелдеп, жас жолаушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қадағалайды.
Ағымдағы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының патрульдік полициясы сауықтыру лагерьлеріне, демалыс орындарына және түрлі іс-шараларға бара жатқан балалардың 140-тан астам ұйымдасқан тобын сапарға шығарып, сүйемелдеді.
Қабылданып жатқан кешенді шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және кәмелетке толмағандардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерді балаларды тасымалдайтын автобустардың жанынан өту кезінде аса мұқият болуға, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және өзара сыйластық танытуға шақырады. Әрбір баланың қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жауапкершілігіне тікелей байланысты.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1262241?lang=ru

Жауап қалдыру