ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына арналған алқа отырысында қаралған негізгі мәселелердің бірі азаматтардың өтініштері болды.

Сонымен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитетке 14 364 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ға көп.

Өтініштердің басым бөлігі төмендегі мәселелерге қатысты болды: * медициналық көмектің сапасы – 4 694 өтініш (33%); * медициналық көмекті ұйымдастыру – 2 371 өтініш (17%); * басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер – 3 026 өтініш (21%).

Өтініштердің ең жоғары өсімі өзге де мәселелер бойынша – 98%, басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша – 61%, медициналық этика мен деонтология мәселелері бойынша – 51%, медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша – 49%, ал медициналық көмектің сапасына қатысты – 40% болды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өтініштер саны 22%-ға азайған. Бұл мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің жетілдірілгенін көрсетеді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, азаматтардың өтініштері денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді анықтаудың маңызды ақпарат көзі болып табылады. Өтініштердің ең көп өсімі Маңғыстау облысында – 104%, Батыс Қазақстан облысында – 103%, Атырау облысында – 93% тіркелді. ️ Сонымен қатар жүргізілген талдау өтініштердің бір бөлігі жекелеген азаматтардың бірнеше рет және жаппай жолдаған өтініштерімен байланысты екенін көрсетті. Мысалы, медициналық куәландыру мәселелері бойынша шамамен 700 өтініш түссе, олардың 600-ге жуығын небәрі 12 өтініш беруші жолдаған.

 Сонымен бірге бірқатар өңірлерде жекелеген бағыттар бойынша шағымдар санының азаюы байқалады. Мәселен, Қарағанды облысында шағымдар саны 16%-ға төмендеген. Алқа отырысының қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі азаматтардың өтініштерімен жұмысты күшейтуді, шағымдардың туындау себептеріне тұрақты талдау жүргізуді және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп жүйелі проблемаларды жою жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1262200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді