Екібастұз қаласында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары Екібастұз қаласындағы орта білім беру ұйымдарының 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына дайындығына мониторинг жүргізді. Мониторинг аясында жеті білім беру ұйымына барылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадрлармен қамтылу және инфрақұрылым нысандарының дайындығы мәселелері бағаланды.
Мониторинг қорытындысы бойынша шаралар қабылдауды талап ететін келесі мәселелер анықталды:
• КММ «Бозшакөл негізгі жалпы білім беретін мектебінде» білім беру ұйымы қауіпсіздік жүйесінің міндетті элементі болып табылатын дабыл түймесі жоқ;
• КММ «Екібастұз қаласы №10 жалпы орта білім беру мектебінде» педагог кадрлардың тапшылығы сақталуда – 19 бос жұмыс орны бар;
• КММ «Екібастұз қаласы №36 мектеп-лицейінде» педагог кадрлардың тапшылығы анықталды – 16 бос жұмыс орны;
• КММ «Екібастұз қаласы №24 мектеп-гимназиясында» педагог кадрлардың тапшылығы бар – 15 бос жұмыс орны;
• КММ «№35 мектеп-гимназиясында», КММ «Сарқамыс жалпы орта білім беру мектебінде» және КММ «№6 арнайы мектебінде» күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Қажетті қауіпсіздік құралдарының болуы, жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы және білім беру ұйымдарының педагог кадрлармен толық жасақталуы мектептердің жаңа оқу жылына сапалы дайындалуы мен қауіпсіз білім беру процесін қамтамасыз етудің маңызды шарттары болып табылады.
Анықталған барлық мәселелер бойынша Департамент тарапынан оларды жою жөнінде ұсынымдар берілді. Ұсынымдардың орындалуы бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1262687?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді