
Уәкілетті орган – «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (110000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85) келесі бос лауазымға орналасуға қайта конкурс жариялайды:
Қостанай облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Қостанай ауданаралық жол-пайдалану кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік), 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Дорожников көшесі, 10.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: мемлекеттік автомобиль жолдарын қалпында ұстау.
Қызметтік міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға, кәсіпорын Жарғысына сәйкес кәсіпорынды басқару; ағымдағы және болжамдағы мақсатарды орындау бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыру; кәсіпорынға бекітілген мүлікті сақтау, тиімді және мақсатты пайдалану; мемлекеттік басқару органымен жеткізілетін мемлекеттік тапсырманы орындау; кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау; облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының және оларда орналасқан құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйін қалпында сақтау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білімі:
Инженерия және инженерлік іс (Көлік, көліктік техника және технологиялар; Технологиялық машиналар мен құралдар (сала бойынша)).
Сәулет және құрылыс (Сәулет; Құрылыс; Құрылыс материалдарды, бұйымдар мен кұрылымдарды өндіру; Көліктік құрылыс; Инженерлік жүйелер және желілер).
Бизнес және басқару (Экономика; Есеп және аудит; Қаржы; Мемлекеттік және жергілікті басқару; Әлемдік экономика).
Көлік қызметтері (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Логистика).
Құқық (Құқықтану; Халықаралық құқық).;
Жұмыс өтілі келесі талаптқае сай болу керек:
Кәсіпорын қызметі саласындағы (жол саласы) басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 118 бұйрығының редакциясында) Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына (әрі қарай – Қағида) сәйкес www.e-qazyna.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы өткізіледі.
Конкурсқа қатысу туралы өтініміді ұсыну мерзімі 2026 жылдың 23 шілдесінен – 31 шілдесі аралығында.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде жоғарыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «Электрондық Үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді. Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Бос лауазымға орналасуға үміткерлер үшін әңгімелесу бағдарламасы мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуді қамтиды (ҚР Конституциясы; ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер); ҚР ӘПРК; ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы; ҚР 2011 жылғы 01 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы; ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 «Автомобиль жолдары туралы» және жол саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілері).
Анықтамалар үшін телефондар: 54-37-24.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhol-kolik/press/news/details/1262530?lang=ru

Жауап қалдыру