ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, елді мекендегі инженерлік инфрақұрылым нысандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді.
✔️Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары, ауылдық округ әкімі, мердігер ұйым және техникалық қадағалау өкілдерімен бірге табиғи газ және ауыз су инфрақұрылымына қатысты жобалардың іске асырылу барысын қарады.
✔️Алдымен Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған ішкі газ желісі құрылысының 1, 3 және 4-кезеңдері жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы таныстырылды. Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу деңгейі, газ құбырларының тартылу бағыттары және жобада қамтылған аумақтар қаралды.
✔️Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына баса назар аударып, жауапты тұлғаларға жобаны сапалы әрі уақытылы іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру, жобалық талаптарды сақтау және анықталған мәселелерді жедел шешу міндеттелді.
✔️Жоба аясында 89 көше мен 19 орамды қамтып, 3 246 абонентті табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған. Газ құбырының жалпы ұзындығы 126 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, жобаға енбеген 4 көшені табиғи газбен қамту мәселесі кезең-кезеңімен қарастырылатын болады.
✔️Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Шұбарсу елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобасының іске асырылу барысы қаралды. Жауапты мамандар тарапынан құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.
✔️Аудан әкімі ауыз су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға жұмыстарды жеделдетуді және құрылыс сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1262880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді