
Ақмола облысының Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында республикалық спартакиада жалғасуда. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған 1200-ден астам мемлекеттік қызметші спорттың 10 түрі бойынша өзара бақ сынап жатыр.
Аталған спорттық додада Түркістан облысының намысын қорғап жатқан Келес ауданы әкімі аппаратының Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің бас инспекторы Нұрғали Айтқұлов тоғызқұмалақ жарысында үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Айта кетейік, Нұрғали Айтқұлов республикалық спартакиадаға жолдаманы Түркістан облысы мемлекеттік қызметшілері арасында өткен облыстық спартакиадада тоғызқұмалақтан бас жүлдені жеңіп алу арқылы алған болатын. Облыстық жарыстағы жоғары нәтижесін республикалық деңгейде де жалғастырып, Түркістан облысының қоржынына кезекті жүлдені салды.
Республикалық спартакиада мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге, спортты дамытуға және өңіраралық әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262321?lang=ru

Жауап қалдыру