КЕЛЕСТЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Бүгінде аудандағы 83 елді мекеннің 79-ы немесе 95,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өткен жылы 13 ауылда ауыз су нысандарының құрылысы толық аяқталған.
Алайда аталған нысандарды тұрақты пайдалануға беру үшін білікті мамандар мен қосымша штат бірліктерінің қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты «Келес қызмет» коммуналдық мекемесінің материалдық-техникалық мүмкіндігін күшейту мәселесі көтерілді.
Жиында Абай, Ақжол, Қауыншы және өзге де елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған жаңа жобаның облысқа ұсынылғаны айтылды. Сонымен қатар 18 елді мекендегі ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар әзірленсе, тағы 5 ауылдың су жүйесін қайта жаңғыртуға арналған жобалар дайындалуда.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев жауапты сала басшыларына ауыз су жобаларының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1262334?lang=ru