Конституция – адам құқықтарының басты кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлттық заңнама жүйесінде ерекше орын алады. Ол адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидаттарын айқындайды және құқықтық мемлекеттің берік негізі болып табылады.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты үшін Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырудағы басты бағдар болып табылады. Азаматтардың өтініштерін қарау, мониторингтер жүргізу, мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлеу және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесу конституциялық кепілдіктерге негізделеді.

Әрбір адамның өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне, заң мен сот алдында тең болуына, сот арқылы қорғалуына, білікті заң көмегін алуына және Конституцияда бекітілген өзге де кепілдіктерге құқығы бар.

Жоғары құқықтық мәдениет Конституцияны білуден басталады. Конституциялық қағидаттарды мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың сақтауы заңдылықты, әділеттілікті және адам құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1261725?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді