Маңғыстау облысында алимент бойынша 95 млн теңгеден астам берешек өндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 1-ші жарты жылдықтың қорытындысымен Маңғыстау облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған 133 борышкердің жауаптылығы шешілді.

Олардың ішінде 27 борышкер қылмыстық, 106 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жауаптылыққа тартылғандардың ішінде бірнеше жылдан бері алимент төлемеу үшін саналы түрде жұмысқа орналаспау, жұмыс орны мен табысын жасыру деректері анықталды.

Мәселен, «Ы» есімді борышкер табысының үштен бір бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған екі баласын асырауға алимент төлеуге міндетті болған. Соған қарамастан, ол алимент төлеуден қасақана жалтарып, нәтижесінде берешек сомасы 3 млн теңгеден асты.

Прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот үкімімен борышкер кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін алимент бойынша берешек толық көлемде өтелді.

Есепті кезеңде прокуратураның араласуымен алимент бойынша 95 млн теңгеден астам берешек өндіріліп, 395 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

 

      Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1262573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді