
🔹 Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Карибаева, бас маманы А.Серикова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметшілеріне семинар-кеңес өткізді.
🔹 Семинар барысында департамент қызметшілеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтары кеңінен түсіндірілді.
🔹 Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметке ерте кәсіби бағдарлау, қабылдау тәртібі, өткеру ерекшеліктері мен мансаптық өсуге қатысты өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, олардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🔹Сонымен қатар, қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді заң талаптарына сәйкес орындаудың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
🔹 Іс-шара соңында, туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, қызметшілер тарапынан түскен ұсыныстар назарға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1262017?lang=ru

Жауап қалдыру