
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жүйесінің қызметкерлері арасында I Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған спорттық іс-шараға Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері, аумақтық инспекциялардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Спартакиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, командалық рухты нығайту, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және әріптестік байланысты күшейту.
Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы қатысушыларды құттықтап, жарысқа қатысатын барлық командаларға сәттілік тіледі.
Спартакиадаға еліміздің әр өңірінен келген аумақтық инспекциялардың және ведомстволық ұйымдардың 13 командасы қатысуда. Жарыс барысында командалар өзара шеберліктерін сынға салып, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетеді.
Спартакиада 23–25 шілде аралығында өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталады.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және бұқаралық спортты дамытуға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1262777?lang=ru

Жауап қалдыру