Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет қандай кепілдік береді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес (әрі қарай – Кодекс) мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Кодекстің 217-бабында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) нақты енгізілген сомасының сақталуына мемлекеттік кепілдік заң жүзінде бекітілген. Бұл негізгі кепілдік заңмен кепілдендірілген болып қалады.

Кодекстің 218 бабына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляцияның деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде:

  • ерлерге 63, әйелдерге кәзіргі уақытта 61 зейнеткерлік жасқа толған адамдарға;
  • егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;

4) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде:

арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға;

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлеміне құқығы бар адамдарға.

          Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнгі міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі түрінде жүзеге асырылады.

          Әлеуметтік саланы жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен (БЖЗҚ) бірлесіп азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғаудың неғұрлым тиімді әрі ашық моделіне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылып жатқанын хабарлайды.

2027 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға инфляция деңгейіндегі айырманы біржолғы өтеуді көздейтін бюджеттік кіші бағдарлама оңтайландырылады. Бұл қадам зейнетақы жүйесін икемдірек, кәсіби әрі ұзақ мерзімді нақты инвестициялық табыстылыққа бағдарланған жүйеге айналдыруға бағытталған кешенді реформалардың жалғасы болып табылады.

2026 жылғы қыркүйектен бастап (2026 жылғы 7 шілдеде қол қойылған заңға сәйкес) зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Негізгі өзгеріс – бұрын қолданыста болған шектеулердің толықтай алынып тасталуы. Егер осыған дейін салымшылар жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) зейнетақы активтерінің 50%-ынан аспайтын бөлігін ғана сенімгерлік басқаруға бере алса, енді бұл шектеу толығымен жойылады. Азаматтарға жинақтарының 100%-ына дейін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы ұсынылады.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – азаматтарды еңбек өтілін ескеретін және жоғалған табысты Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес кемінде 40% деңгейінде алмастыруды қамтамасыз ететін БЖЗҚ-дан өмір бойғы үздіксіз төлемдермен қамту. Ол азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлеміне тәуелсіз, бірақ олардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескеретін, БЖЗҚ-дан өмір бойғы тұрақты төлемдерді қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты мемлекеттік кепілдік шеңберінде төленетін біржолғы өтемақының өзектілігі жойылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1261842?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді