
23 шілдеде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді бағалау, мониторингілеу және талдау бөлімі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен «Облыс тұрғындары арасында инфекциялық емес аурулардың тіркелуі және олардың алдын алу» бойынша өндірістік кеңес өткізді.
Үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде инфекциялық емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен «Облыс тұрғындары арасында инфекциялық емес аурулардың тіркелуі және олардың алдын алу» тақырыбында өндірістік кеңес өткізді.
Кеңестің мақсаты – атмосфералық ауаның химиялық ластануы мен халық денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бағалау.
Іс-шара барысында комиссия мүшелері атмосфералық ауаның сапасының халық денсаулығына әсерін бағалау мәселелерін қарастырып, жүргізілген зерттеулер мен есептеулердің нәтижелеріне талдау жасады. Сонымен қатар, химиялық ластаушы заттардың адам ағзасына әсер ету тәуекелдерін бағалау әдістері талқыланып, алынған мәліметтерді профилактикалық іс-шараларды жоспарлау, халық денсаулығын қорғау және тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шараларды жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1262699?lang=ru

Жауап қалдыру