Қалада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жол жөндеу аясында қаланың 50-ден астам учаскесінде жалпы көлемі 46 467,85 шаршы метр жол жабынына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 30-дан астам көшені қамтитын орташа жөндеу жобалары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Бірлік» және «Орман» шағынаудандарында, Жұмысшы кентінде, «Гудок» саяжай қоғамына кіреберіс жолда, сондай-ақ Универсальная және Исмаилов көшелерінде жұмыстар жүргізілуде.

Қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов «Орман» шағынауданындағы орташа жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер ұйым, техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында Наурыз көшесін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы үш жыл ішінде қаладағы барлық топырақ жолдарды кезең-кезеңімен асфальтбетон жабынына ауыстыру жұмыстары жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl/press/news/details/1262582?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді