Қарағандылық Алан Құрманғалиев халықаралық үстел теннисі турнирінде алтыннан алқа тақты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев Ташкентте өткен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық үстел теннисі турнирінде топ жарып, алтын медаль жеңіп алды. Ересек жас санатында сынға түскен қазақстандық теннисші чемпиондық жолындағы барлық жеті кездесуін жеңіспен аяқтап, жарыстың бас жүлдесін иеленді.

Халықаралық додаға әлемнің 22 елінен келген үздік жас спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы әртүрлі жас санаттарында жалпы жеті медаль еншіледі.

Ересек жас санатындағы ең жарқын жетістікке қарағандылық Алан Құрманғалиев қол жеткізді. Спортшыны Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов баптайды.

Алан чемпиондық тұғырға дейінгі жолда қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Алғашқы кездесуінде ол Моңғолия өкілі Ганбаяр Герэлчулуунды 3:0 есебімен айқын ұтты. Кейін Үндістанның спортшысы Аринджай Кучхалды – 3:1, Өзбекстан өкілі Билоллитдин Комилжоновты – 3:0, үндістандық Пунит Бисвасты – 3:0, жапониялық Сора Окаданы – 3:0 және Үндістанның тағы бір өкілі Баламуруган Раджасекаранды 3:1 есебімен жеңді.

Финалда қарағандылық теннисші Жапония спортшысы Оно Сомамен кездесіп, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша Алан Құрманғалиев беделді халықаралық турнирдің чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1262320?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді