Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Аягөз аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Аягөз аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен Абай облысының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп жұмыс кездесуі өткізілді.

Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен Абай облысының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Е. С. Ниятқабылов еңбек заңнамасын сақтау, еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеу, оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) тіркеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтау, балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еңбек заңнамасы нормаларын тәжірибеде қолдану жөнінде ұсынымдар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1261933?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді