
18 шілде күні Қапал ауылдық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ә.Т. Сейдаулиевтің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда:
🔹 жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
🔹 кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу;
🔹 мотоциклдер, мопедтер, скутерлер және басқа да мотокөлік құралдарын пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтау;
🔹 интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды киберқылмыстан қорғау;
🔹 бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу;
🔹 қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті Қапал ауылдық округінің тұрғындары!
Өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге, интернет желісінде сақтық танытуға және құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.
Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1262539?lang=ru

Жауап қалдыру