Ауру көбіне шет елдерден келетінін, сондықтан көші-қон факторларын ескере отырып, аурудың әкеліну қаупінің жоғары екенін ескертеді. Қызылша- ауа тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Жұқпа адамнан адамға ауа арқылы жөтелу, түшкіру кезінде беріледі.Аурудың алғашқы белгілері- жөтел,дене температурасының көтерілуі, көзден жас ағуы, жарыққа сезімталдық және бөртпе, ол бастапқыда бетте,құлақтың артында,содан кейін бүкіл денеге пайда болады. Аурудың асқынуынан ,ортаңғы құлақтың,өкпенің, кеңірдектің,бронхтың қабынуы,көз көрмей қалуы мүмкін.Науқас кез келген қабыну мен асқынудан өлуі мүмкін. Сондықтан,ондай жағдайға ұшырамау үшін екпе алған дұрыс. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста екі рет жасалады, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын вакцинациядан кейінгі иммунитеті дамытуға мүмкіндік береді.Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеті. Көбіне балалар ауырады. Сондықтан, ата-ана балаға жауапкершілікпен қараса екен дейміз. Егілген бала бір рет ауырса, қайталап ауыра қоймайды дейді -эпидемиолог дәрігерлер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1261734?lang=ru

Жауап қалдыру