
25–26 шілде күндері Астанада Creative Aimaq креативті индустриялар көрмесі өтеді. Онда Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнерін, мәдениеті мен туристік әлеуетін таныстырады.
Шығыс Қазақстан облысы делегациясының бағдарламасында: театрландырылған қойылым; Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары; қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі; балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар; интерактивті VR-аймақтар; Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны.
Өткізу күні мен орны: 25–26 шілде, Астана қ., Жошы хан көшесі, 16/2 QAZAQ CREATIVE HUB.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1262524?lang=ru

Жауап қалдыру