Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Тлеуберды Серикбаевич Мадиев тағайындалды. Бұған дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары  қызметін атқарған.

Тлеуберды Мадиев 1988 жылы Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы  ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2019 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істер жөніндегі министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бастап қызметін қарауыл бастығы лауазымынан бастады. Әрі қарай өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, бөлім бастығы, М. Ғабдуллина атындағы Азаматтық қорғау академиясының Өскемен қаласындағы Оқу орталығы бастығының орынбасары, Өртке қарсы қызмет комитетінің өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасы бастығының орынбасары, Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару Командалық орталығы және Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1262848?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді