
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот-сараптама қызметі саласындағы заңнаманы кешенді түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізді.
Заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін не өзгереді?
Жеке сот сарапшылары
– Бұл ұғым алғаш рет Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңында бекітілді.
– Қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптар айқындалды.
Бірыңғай қағидалар
– Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер барлық сот сарапшыларына қолданылады.
Лицензиядан кейінгі бақылау
– Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негіздері енгізілді.
– Заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.
Лицензиялау
– Лицензия алу рәсімдері жеңілдетілді.
Сарапшыларды даярлау
– Тағылымдамадан өтуге және біліктілікке қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді.
Тарифтер
– Бюджет қаражаты есебінен жеке сот сарапшылары жүргізетін сот сараптамаларының ақысын төлеу мәселелері реттелді.
Медициналық ақпарат
– Сараптама жүргізуге қажетті медициналық мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көзделді.
«Е-Сараптама»
– Жүйе заңнамалық деңгейде бекітілді.
– Сараптамаларды электрондық түрде тағайындау.
– Сараптама қорытындыларын электрондық түрде беру.
– Сараптама жүргізу процесін толық цифрлық сүйемелдеу.
Жеке сот сарапшыларының тәртіптік жауаптылығы
– Тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі реттелді.
– Сот сарапшылары республикалық палатасының рөлі күшейтілді.
Сот-психиатриялық сараптама
– Жекелеген сараптамаларды жүргізу тәртібі оңтайландырылды.
Нәтижесі
– Сот сараптамасының сапасы артады.
– Мемлекеттік және жеке сот сарапшылары үшін бірыңғай стандарттар қамтамасыз етіледі.
– Ашықтық пен цифрландыру деңгейі күшейеді.
– Сот-сараптама қызметіне деген сенім артады.
Заң нормаларын қолдану кезінде олардың Қазақстан Республикасының «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңында тікелей көзделген күшіне ену мерзімдерін ескеру қажет екенін атап өту қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1261626?lang=ru

Жауап қалдыру