Тараз қаласының активімен және тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Тараз қаласының активімен және тұрғындармен

ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді

 

 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ағымдағы жылғы 23 шілдеде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е. Жапаров, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Кеңесбек, қала әкімі
Б.Орынбеков, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, «Әулиеата», «Жібек жолы» аудандарының әкімдері мен аудан әкімдері аппаратының басшылары, бас инспекторлар, бөлім басшылары, құқық қорғау және құзырлы органдардың өкілдері, мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаттары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы, қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің төрағасы, саяси партиялар филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері, БАҚ өкілдері мен жас сайлаушылар клубының мүшелері және жұмысшы жастар қатысты.

Кездесу барысында Серғали Айдапкелов Қазақстан Республикасының жаңа қабылданған Конституциясының аясында жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды.

Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының Президентінің конституциялық мәртебесі, Президентті жеті жылдық мерзімге бір рет сайлау қағидаты және Мемлекет басшысының елдің ішкі және сыртқы саясатын айқындаудағы рөлі туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, алғаш рет енгізілген Вице-Президент институтының құқықтық мәртебесіне тоқталып, Вице-Президенттің Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіретіні және Президенттің өкілдік функцияларын жүзеге асыратыны жөнінде айтты.

Сондай-ақ, Құрылтайдың құрылуы, оның заң шығару өкілеттіктері, Құрылтай депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізіммен сайлау тәртібі және Құрылтайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны туралы кеңінен түсіндірме берді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылу мақсаты мен қызметіне тоқталып, оның қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамытуға және азаматтардың мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуын кеңейтуге бағытталған консультативтік орган екенін атап өтті.

Кездесу барысында Конституция негізінде қабылданған сайлау заңнамасындағы өзгерістер, Құрылтай депутаттарын сайлаудың ерекшеліктері, сайлау комиссияларының өкілеттіктері және сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету тетіктері де жан-жақты түсіндірілді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларға сайлау процесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты заңдар мен заңнамалық актілерді түсіндіру және Құрылтай сайлауына байланысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желілер мен сайлау комиссияларының сайттары арқылы да ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Кездесуде қатысушылар заңнамалық жаңашылдықтардың практикалық маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық нормаларды қолдану тәртібі нақты түсіндірілді.

Кездесу соңында С. Айдапкелов жаңа заңнаманы түсіндіру және алдағы Құрылтай сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1262798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді