Таза ауыл – Таза ел – Таза Қазақстан

Жарияланды:

Автор:

категорияда
11-23 шілде аралығында Бірлік ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында кіреберіс стелаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сауда орталығы аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдары тазаланып, сыпырылды, сондай-ақ Техникалық көшесіндегі асфальт жамылғысы тазартылды. Сонымен қатар, Легавая көшесінде кесілген ағаштарды жинау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар елді мекеннің тазалығы мен тәртібін сақтау, сыртқы келбетін жақсарту және округ тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде округ аумағы абаттандырылып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі көрікті бола түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1262366?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді