«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына бақылау жүргізіліп, абаттандыру және тазалық талаптарының сақталуы тексерілді. Тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға және ортақ игілікке үлес қосуға шақырады.

Таза қала – әрбір азаматтың жауапкершілігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1262684?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді