
Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету инфрақұрылымның қирауы жағдайында жұқпалы аурулардың өошуінің алдын алуға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған шұғыл медициналық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.
Апаттар, су тасқыны немесе қарулы қақтығыстар өмір сүру жағдайларының күрт нашарлауына әкеліп соғады, бұл санитариялық қызметтердің дереу араласуын талап етеді.
Төтенше жағдайлар кезіндегі санитариялық-гигиеналық шаралар:
– сумен жабдықтауды бақылау таза ауыз суды жеткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ зақымдалған сумен жабдықтау желілерін гиперхлорлау мен зарарсыздындыруды қамтиды;
– азық-түлік қауіпсіздігі – төтенше жағдай аймағындағы қоймалардағы азық-түлік өнімдерін тексеру және уақытша орналастыру орталықтарында (УОО) тамақ дайындау процесін бақылау;
– қоғамдық гигиена – аумақты қоқыстан тазарту, уақытша дәретханалар мен душ кабиналарын орнату және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату.
Төтенше жағдайлар кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар:
– эпидемиологиялық қадағалау – зардап шеккен аймақтағы аурулардың сипаты туралы деректерді үздіксіз жинау;
– ауру жағдайларын белсенді түрде анықтау – үйлерді аралау, босқындар лагерлері мен уақытша орналастыру орталықтарындағы (бұдан әрі – УОО) халақтың дене қызуын тексеру;
– оқшаулау және ауруханаға жатқызу – инфекция белгілері байқалған адамдарды арнайы мобильді ауруханаларға дереу бөліп орналастыру;
– шұғыл профилактика – эпидемиологиялық көрсеткіштер негізіндегі жаппай вакцинация (мысалы, А гепатитіне, іш сүзегіне, тырысқаққа қарсы) және халыққа бактериофагтарды қолдану.
Төтенше жағдай кезіндегі шектеу шаралары:
– бақылау – төтенше жағдай аймағына кіру мен одан шығуды шектеу, сондай-ақ ондағы медициналық бақылауды күшейту;
– карантин – периметрді күзетуге әскерилендірілген бөлімшелерді тарта отырып, инфекция ошағын толық оқшаулау;
– бұқаралық жиындарға тыйым салу – базарлардың, мектептер мен ойын-сауық орындарының жұмысын уақытша тоқтату.
Төтенше жағдайлар кезіндегі залалсыздандыру шаралары:
– дезинфекция – инфекция ошағында көлік құралдарын, тұрғын үй-жайларды, құдықтар мен киім-кешекті залалсыздандыру;
– дезинсекция – ауру тарататын жәндіктерді (масалар, кенелер, биттер) жою;
– дератизация – туляремия, лептоспироз және оба ауруларының алдын алу мақсатында су басқан немесе қираған аумақтарда кеміргіштерді жою.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1262735?lang=ru

Жауап қалдыру