ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында өңірдің медицина қызметкерлері арасында Google Forms платформасы арқылы арнайы сауалнама жүргізуде.
Аталған сауалнама медицина саласы қызметкерлерінің интернет алаяқтық туралы ақпараттану деңгейін анықтауға, кең таралған алаяқтық тәсілдері жөніндегі білімін бағалауға және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Осы жылдың 20 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін сауалнамаға 19 мыңнан астам медицина қызметкері қатысып, киберқауіпсіздік мәселелеріне белсенді қызығушылық танытты. Бұл көрсеткіш өңірдегі ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстардың маңыздылығын айқындайды.
Полиция азаматтарды интернет кеңістігінде қырағылық танытып, жеке және банктік деректерді бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және алаяқтардың арбауына түспеу үшін тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының профилактикалық іс-шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1262849?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді