
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен бірлесіп өңірлік ҰАТ қатысушылары тобы қызметінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселе – 2025 жылғы және 2026 жылдың ағымдағы кезеңіндегі Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың өңірлік тобы жұмысының сапасы мен тиімділігін талдау қаралды.
Кеңеске қатысушылар превентивтік барулардың қорытындыларын, ұсынымдарды дайындау тәжірибесін, мемлекеттік органдармен және мекеме әкімшіліктерімен өзара іс-қимылдың тиімділігін, сондай-ақ бұрын енгізілген ұсынымдардың орындалу барысын талқылады. Мониторингтік қызметтің сапасын арттыруға, баруларды жүргізу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және жабық мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1262445?lang=ru

Жауап қалдыру