Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 шілдеде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өткізілді.

Атап айтқанда, Тайынша ауданы Ясная Поляна ауылында «GCK-TAYNSHAASTYK» ЖШС директоры шағын футбол алаңының құрылысын жүргізіп жатыр.

Осы ауданда «АШЫҚ АЛАН GCK» ЖШС директоры өз қаражаты есебінен Зеленый Гай ауылындағы ұзындығы 2 км ауыл ішілік жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізді.

М. Жұмабаев ауданында «Таманское» ЖШС директоры Таман ауылдық округінде өз қаражаты есебінен шамамен 70 млн теңге сомасына стадионды қайта жаңартып, бұқаралық спортты дамыту үшін спорттық мүкаммал сатып алды.

Атқарылған жұмыс спорттық инфрақұрылымды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

Іс-шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастықтың серіктестігін дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек көрсету мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Көрсетілген форматтағы жұмыс жалғасады.

                                         Прокуратура Солтүстік Қазақстан облысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1262223?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді