“Заң және тәртіп”: Тараздағы теміржол өткелдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жол бөлімі мен Тараз стансасындағы Көліктегі полиция бөлімі Тараз қаласындағы теміржол өткелдерінде бірлескен рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Шаһарды қақ жарып өтетін негізгі магистраль бойындағы Тараз және Талас стансаларындағы қызметтік өткелдер – жаяу жүргіншілер ең көп шоғырланатын әрі қауіп-қатері жоғары аумақтардың бірі. Соған қарамастан, кейбір тұрғындар уақыт үнемдеуді ойлап, жерасты өткелі мен жаяу жүргіншілер көпірін пайдаланбай, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуді әдетке айналдырған. Тіпті тоқтап тұрған жүк пойызының вагондарының астымен немесе үстімен өтетіндер де кездеседі.

Рейд барысында қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жазбаша ескерту берілді. Екі азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1262447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді