«Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалі жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында өтіп жатқан «Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалі аясында жағажай волейболынан жарыс ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқық бұзушылықтар мен тәуелді мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ жастарды спортқа және қоғамдық өмірге белсенді тарту.

Жарысқа әрқайсысы 3 ойыншыдан құралған 12 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақсуат ауданының командасы, екінші және үшінші орындарды Семей қаласының командалары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1262621?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді