«Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалінің алғашқы күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында «Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» облыстық спорт фестивалі аясында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқық бұзушылықтар мен тәуелді мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ жастарды спорттық және қоғамдық белсенділікке тарту.

Үш күнге жоспарланған фестиваль бағдарламасына үстел теннисі, жағажай волейболы, бочча, футзал, армрестлинг және турникке тартылу бойынша спорттық жарыстар, сондай-ақ түрлі спорттық-профилактикалық интерактивтер енгізілген. Іс-шара аясында NEET санатындағы және пробация қызметінің есебінде тұрған жастарды спорттық ортаға тартуға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға ерекше назар аударылуда.

Үстел теннисі бойынша өткен турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды. Марапаттау рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов қатысып, жеңімпаздарға арнайы марапаттарын табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1262617?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді