
Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясыаяқталды. Жаңартылған нысан жолаушыларүшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарынатолық сай келеді.
1959 жылы салынған теміржол вокзалы толықжаңғыртылды. Қайта жаңарту нәтижесіндеғимараттың жалпы аумағы екі есеге жуық, яғни 135,7 шаршы метрден 258,3 шаршы метргедейін ұлғайды. Бір қабатты вокзал ғимараты жолаушылар мен теміржол саласықызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау үшінзаманауи инфрақұрылыммен жабдықталды.
Қайта жаңарту барысында шатырдымонтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкіәрлеуі, кәріз, су, жылу және электрменжабдықтаудың сыртқы және ішкі инженерлікжелілерінің жұмысы орындалды. Сондай-ақ, перронды қайта жаңарту, іргелес аумақтыабаттандыру және заманауи жиһаздардыорнату жұмыстары жүргізілді.
Жетісу станциясының теміржол вокзалы 3-санаттағы вокзалға жатады. Станция арқылыкүн сайын Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек жәнеҚапшағай бағыттарына қатынайтын төртжолаушылар пойызы өтеді.
Еске сала кетейік, вокзалды жаңғыртужұмыстары Мемлекет басшысыныңтапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржолвокзалын реконструкциялау және жаңғыртужөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзегеасырылды. Алматы облысында бұлбағдарлама төрт теміржол вокзалын қамтиды: Қонаев, Шамалған, Жетісу және Қазыбек бек (Ұзынағаш).
Маусым айында жаңғыртудан өткен Қонаевстанциясының теміржол вокзалы пайдалануғаберілді. 1978 жылы салынған вокзал толықжаңартылып, заманауи талаптарғасәйкестендірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1262526?lang=ru

Жауап қалдыру