Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасына қатысып, Жоғары Сот Кеңесінің конституциялық мәртебесі, судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жаңғырту және жүзеге асырылып жатқан кадрлық реформалардың нәтижелері туралы әңгімеледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова «24KZ» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасына қатысып, Жоғары Сот Кеңесінің конституциялық мәртебесі, судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жаңғырту және жүзеге асырылып жатқан кадрлық реформалардың нәтижелері туралы әңгімеледі

Сұхбат барысында Жанат Оспанова Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесінің құрамына кірмейтін әрі сот төрелігін жүзеге асырмайтын дербес конституциялық орган екенін атап өтті. Кеңестің негізгі миссиясы – Мемлекет басшысының кәсіби, білікті және тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін іске асыруға жәрдемдес

Әңгіме барысында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан негізгі реформаларға ерекше назар аударылды. Соңғы екі жылда судьялар корпусын қалыптастыру жүйесі кешенді түрде жаңғыртылып, бүгінде болашақ судьяларды даярлау, біліктілік емтиханын өткізу, конкурстық іріктеу, судьяларды тағайындау және кадрлық процестерді цифрландыруды қамтитын өзара сабақтас әрі бірізді жүйеге айналды. Жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде конкурстық рәсімдердің ұзақтығы алты айдан бір жарым айға дейін, ал біліктілік емтиханынан өту мерзімі шамамен бір жарым жылдан үш айға дейін қысқарды.

Сұхбатта сот жүйесіндегі кадр тапшылығын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне де ерекше назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алғаш рет судьялар корпусын толықтыру деңгейі 130 пайыздан асты. Ал биыл Мемлекет басшысының Жарлықтарымен аудандық соттарға 159 жаңа судья тағайындалды. Бұл сот жүйесіндегі бос судья лауазымдарының санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

Жанат Оспанова конкурстық рәсімдердің мерзімін қысқарту кандидаттарға қойылатын талаптардың жеңілдетілгенін білдірмейтінін атап өтті. Керісінше, іріктеу жүйесі неғұрлым кешенді әрі талапшыл сипатқа ие болды. Кандидаттардың кәсіби даярлық деңгейімен қатар олардың мінсіз беделі, заңнама талаптарын сақтау деңгейі, психологиялық орнықтылығы және сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де қасиеттері жан-жақты бағаланады.

Бағдарлама барысында судьяларды іріктеу жүйесінің заңгерлік қауымдастықтың түрлі өкілдері үшін ашық екені де айтылды. Судья лауазымдарына жарияланған конкурстарға адвокаттар, прокурорлар, нотариустар, заң консультанттары, корпоративтік заңгерлер және басқа да тәжірибелі заңгерлер қатыса алады. Бұл ретте негізгі өлшем кандидаттың бұрынғы жұмыс орны емес, оның кәсіби даярлығы мен конкурстық іріктеу нәтижелері болып табылады.

Сонымен қатар сұхбат барысында шалғай өңірлердегі кадр тапшылығын шешу тетіктері, Сот төрелігі академиясы түлектерін даярлау ерекшеліктері, біліктілік емтиханын өткізу тәртібі, сондай-ақ кандидаттардың жасына және судьялар корпусын қалыптастыру кезінде гендерлік теңгерімді қамтамасыз етуге қатысты мәселелер талқыланды.

Сөз соңында Жанат Оспанова жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайту екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мақсатқа кәсіби, білікті әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Өйткені тәуелсіз судья – әділ сот төрелігінің басты кепілі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1262392?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді