
Жұқпалы емес аурулар – адамнан адамға жұқпайтын, баяу өршитін созылмалы дерттер, олар мүгедектік пен өлім-жітімнің басты себебі болып табылады және жыл сайын қайтыс болатын адамдардың шамамен 74%-ының өмірін қияды.
Жұқпалы емес негізгі ауруларға жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары және қант диабеті жатады.
Дұрыс тамақтану созылмалы жұқпалы емес аурулар қаупін азайтудағы және жүрек-қан тамырлары аурулары мен қант диабетінен болатын мезгілсіз өлім-жітімнің 80%-ға дейінгі бөлігінің алдын алудағы басты әрі өзгертуге болатын фактор. Тамақтану теңгерімінің бұзылуы семіздік, жоғарғы қан қысымы және инсулинге төзімділік сияқты зат алмасу бұзылыстарының тізбегін тудырып, қауіпті созылмалы аурулардың дамуына алғышарт жасайды.
Жүрек-қан тамырлары аурулары – қаныққан майлар мен трансмайларды шамадан тыс тұтыну, зиянды холестерин деңгейін арттырып, атеросклероздық түйіндамалардың түзілуіне әкеледі. Тұзды тұтынуды азайту ағзада сұйықтықтың іркілуін бәсендетіп, сәйкесінше қан қысымын төмендетеді.
2-типті қант диабеті – тез сіңетін көмірсулар мен қант бай тамақтану ұйқы безіне шамадан тыс салмақ түсіреді. Талшықтар мен күрделі көмірсулар глюкозаның сіңуін баяулатып, инсулинге сезімталдықты сақтауға көмектеседі.
Қатерлі ісік – өнделген ет өнімдерін мысалы, шұжықтар мен сосискаларды көп мөлшерде тұтыну тоқішек обырының даму қаупімен байланысты. Жаңа піскен жемістер мен көкөністердің құрамындағы антиоксиданттар мен фитонутриенттер жасушалық ДНҚ-ны мутациядан қорғайды.
Семіздік және метаболикалық синдром – калорияны ұзақ уақыт бойы артық тұтыну висцеральды майдың жиналуына әкеледі. Теңгерімді тамақтану тәбетті бақылауға және дене салмағын қалыпты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1262744?lang=ru

Жауап қалдыру